Илон Маск адам миын компьютермен байланыстыратын Neuralink технологияларын шығармақ

The Wall Street Journal басылымының мәлімдеуінше, жаңа компания жұмысқа кірісіп кеткен. Ондағы ғалымдар құстардың миына электродтарды имплантация жасап, мидың денені қалай басқаратынын зерттеп жатыр.

Сондай-ақ, компания ми ауруларын емдеуге арналған имплант шығаруы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, қазір Паркинсон ауруын емдеуге өте қарапайым технологиялар қолданылып жүр. Егер Neurallink тәжірибелері сәтті болып жатса, ми функциясын жетілдіретін технологиялар шығаруға болады.

Алайда, аталған жүйенің іске асуына бірнеше кедергілер бар. Ең бірінші, ғалымдар электродты миға қауіпсіз түрде енгізу жолдарын табуы керек. Сонымен бірге адамның «ваннаға түскісі немесе спагетти жегісі келіп тұрғанын тез анықтау үшін» нейрондардың жұмысын үнемі бақылауда ұстайтын мүмкіндік те болмай тұр.

Дегенмен, Илон Маск қазіргі алпауыт компанияларға айналған Tesla, SpaceX компанияларын ашарда да жұмыстарын осындай кішігірім тәжірибелерден бастап, ойға алғанының іске асатынын дәлелдеген еді.

Айта кетейік, Neuralink медициналық зерттеулер жүргізетін компания ретінде 2016 жылдың маусым айында құрылған болатын.

ДереккөзVc.ru