Алматыда беймәлім ер адам автобус жолаушыларына пышақпен қоқан-лоққы көрсеткен. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Видеодағы ер адамның кім екенін анықтадық. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұр. Оның әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі, — делінген хабарламада.