Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.
Жиынға мәжіліс және сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық құрылтай, адам құқықтары жөніндегі комиссия, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11.00-де республикалық телеарналарда, сонымен қатар www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Жолдаудың мәтіндік трансляциясын президенттің баспасөз қызметінің Telegram-арнасынан оқуға болады.