Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Малайзияның жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады.
Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.