Ағаштан эко-ойыншықтар жасайтын OINA компаниясы кәсібін дамытуға 7 миллион теңге көлемінде грант ұтып алды.
Visa компаниясы Қазақстандағы шағын және микро-кәсіпті қолдауға бағытталған «Бизнес-трамплин» байқауының қорытындысын жариялады. Финалистер 21 тамызда өткен байқаудың қорытынды іс-шарасында қазылар алқасына өз идеялары мен жобаларын ұсынды.
Нәтижесінде ағаштан эко-ойыншықтар жасайтын OINA компаниясы І орынды иеленді. Компания өкілі Қанат Сырлыбаевқа 7 миллион теңге көлемінде грант берілді. Айдана Абзалова Алматыда шығарылатын иттерге арналған пайдалы тағамдар өндіретін OHANA жобасымен ІІ орын иеленіп, 5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алды. Юрий Шаповаловтың 8 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастыру бойынша «Кәсіпкерлік балалар фабрикасы» жобасы ІІІ орын алып, 3 миллион теңге сомасындағы грантты ұтып алды.
Ал «Әлеуметтік бизнес» номинациясы бойынша 7 миллион теңге көлеміндегі грантты зағип балаларды дамыту және оқыту орталығы «MaxKids» жобасымен Индира Белялова алды.
«Әділ қазылар алқасының арнайы жүлдесі» номинациясында 2 000 000 теңге грант иегері «APRIL» жобасы, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған роботтық терапия жобасымен Анар Сандығұлова болды.
Байқауға қатысуға 644 адам өтініш жіберген. Оның тек 10-ы финалған өткен. Байқауда қатысушылардың идеясының әлеуеті, қаншалық жаңа, қаржы тұрғысынан тұрақты, әлеуметтік маңызы бар екені ескерілді.
Visa компаниясының вице-президенті, Орталық Азия мен Әзірбайжандағы өңірлік менеджер Кристина Дороштың айтуынша, Visa Kazakhstan компаниясы осындай байқауларды ұйымдастыру арқылы елдегі микро, шағын және орта кәсіпті қолдағысы келеді.
«Бизнес трамплин» байқауында біз ең әуелі қатысушылардың кәсібінің әлеуеті қаншалық өсетініне назар аудардық, оған қоса инвестицияланған қаражат арқылы өнімнің, қызмет сапасын немесе көлемін қалай жақсартуға болатынын бағаладық. Сонымен қатар қатысушының кәсіпті дамытудағы идеясы маңызды болды. Кәсіп инновациялық, өзекті және ұзақ мерзімді әлеуетке ие болуы керек еді. Бүгін залда отырған барлық финалисті нәтижесімен құттықтауға болады деп ойлаймын. 600 қатысушының арасында ТОП-10-ға кіру – бұл тамаша көрсеткіш! Байқауға қолдау көрсеткен барлық серіктеске және жобаның финалистеріне алғысымызды білдіргіміз келеді. Біздің байқау барлық қатысушысы үшін жаңа деңгейге көтерілуге көмектесетін трамплинге айналғанына сенімдімін, — деді Visa компаниясының вице-президенті, Орталық Азия мен Әзірбайжандағы өңірлік менеджер Кристина Дорош.
Байқаудың қазылар алқасының қатарында Visa компаниясының вице-президенті, Орталық Азия мен Әзірбайжандағы өңірлік менеджері Кристина Дорош, кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және иесі Тимур Турлов, кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және иесі Аруна Амзе, венчурлық инвестор, Most Ventures (LP) серіктесі Асқар Білісбеков, тележүргізуші және кәсіпкер Серік Акишев болды.
Сонымен қатар іс-шарада «Бизнесті масштабтау және цифрландыру: жаңа деңгейге қалай жетуге болады?» тақырыбында паблик-ток ұйымдастырылды. Паблик-токта наубайхана желісінің негізін қалаушы және инфлюенсер Маржан Өтеген, тележүргізуші, продюсер, кәсіпкер Серік Акишев, кәсіпкер және The Steppe медиа жобасының негізін қалаушы Зәуре Розма тәжірибелерін бөлісіп, кәсіпті дамытудың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін, осы үдерістегі цифрландырудың рөлін талқылады.
«Бизнес-трамплин» жобасы #WhereYouShopMatters #buylocals жаһандық Visa бастамасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды. Жобаның техникалық серіктесі — «Астана» халықаралық қаржы орталығы.