Доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461–465 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461,5-465,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар бағамы 461,5-465 теңге аралығында құбылып тұр.

28 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,25 теңгеге қымбаттап, 464,09 теңге болған.

Ұлттық банктің 29 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 464,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77–4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,85 теңгеден сатылып жатыр.