Қазақстанның білім министрлігі мектептердің 34 апталық оқу жылына қайта оралуына байланысты типтік оқу бағдарламаларына өзгерістер дайындады.
Еске салайық, 25 тамызда тамыз конференциясында вице-премьер Тамара Дүйсенова білім министрлігінің асығыс шешім қабылдағанын айтты. Ол 34 апталық оқу жылына оралып, оны 25 мамырда аяқтауды ұсынды.
Барлық пән бойынша оқу сағаттарын қысқарту туралы бұйрықтың жобасы “Ашық” НҚА сайтында жарияланған.
Нәтижесінде бірінші класс оқушыларына арналған оқу сағаттары 114-тен 102 сағатқа дейін азайды.
1-4 кластар үшін еңбекке баулу бұрын бекітілген 35 сағаттың орнына жылына 33 сағат болады. 7-9 класс оқушыларына арналған алгебра 108 сағаттың орнына 102 сағат, геометрия 72 сағаттың орнына 68 сағат, химия мен география да жылына 68 сағат болады. 5-9 кластар үшін информатика — 36 сағаттың орнына 34 сағат, Қазақстан тарихына 72 сағаттың орнына 68 сағат бөлінеді. 5-9 кластар үшін дене шынықтыруға 108 емес, 102 сағат беріледі, — делінген түсіндірме жазбада.
2023-2024 оқу жылы 2023 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.