Алматыда Конституция күніне арналған мерекелік шаралар 29 тамызда басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда мерекелік концерт 29 тамыз күні кешкі сағат 19.00-де Абай алаңында өтеді.
Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады: «МұзАРТ» және «Жігіттер» тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дұғалова, Hey Monro және тағы басқалар.
Қала қонақтары мен тұрғындар үшін сахна экрандарында тақырыптық видеосы бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады. Сонымен қатар 30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорт шарасы ұйымдастырылады.
Айта кетейік, мерекелік шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:
- Әуезов ауданында салтанатты іс-шара 29 тамызда сағат 11.00-де, Family Park демалыс саябағында өтеді
- Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 11.00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғылашағынауданы, 347/4) өтеді
- Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 16.00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді
- Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 17.00-де MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді
- Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама 29 тамызда сағат 18.00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында ұйымдастырылады.
Аудандық мерекеде туды салтанатты түрде шығарып, әнұран орындалады, 16 жасар азаматтарға жеке куәлік табыстап, ұтыс ойындары мен конкурстар, сонымен қатар ашық аспан астында кино көрсетіледі.
- Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт 29 тамызда сағат 19.00-де «Гүлдер» саябағында, Серіков көшесі, 2а
- Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12.00-де орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де өтеді
- Алмалы ауданында концерт 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді.