1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астанада шақырылсын, – деп жазылған өкім мәтінінде.