Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.
Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар.
Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді.
Кейінгі жеті жыл бойы «Самұқрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сонымен қатар корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.
Өткен жұмада президент өкімімен оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.