Басты бет Қоғам Ғалымдар Күннен тіршілік планетасына ұқсас белгілер тапты

Ғалымдар Күннен тіршілік планетасына ұқсас белгілер тапты

Америкалық ғалымдар Күннен тек Жерде ғана болатын Россби деген толқындарды тапты.

© NASA/ NuSTAR

Россби толқындары мұхит беттерінде кездеседі. Олар атмосфераға қатты әсер етеді. Сондай-ақ, Жер бетіндегі ауа қабатының қозғалысын тудырады.

Ал, Күндегі толқындардың Күн атмосферасындағы магнитті аумаққа әсер ететіні анықталды. Ол ғарыштағы ауа райының өзгеруіне әкеледі.

Ғалымдар бұл жаңалықты SDO (Solar Dynamics Observatory) мен STEREO (Solar TErrestrial RElations Observatory) ғарыш аппараттарын қолдану кезінде ашты. Осы арқылы олар Күн жүйесін 360 градустық ракурста көре алған. Бұған дейінгі зерттеулердің бәрі тек Күннің бір жақ бетіне жасалған еді.

Айта кетейік, Жердегі Россби толқындарын бірінші болып 1930-жылдардың соңында Карл Густаф Арвид Россби тапқан болатын. Ғалымның құрметіне толқындар «Россби толқыны» деп аталған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version