Биыл резидентураға бөлінген грант саны 2 500-ге дейін өсті. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70%-ке артатынын айтқан еді.
Үкіметтің мәліметінше, осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ке – 1 500-ден 2 500-ге дейін өсті.
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:
- Акушерлік және гинекология – 214
- Анестезиология және реаниматология – 200
- Неонатология – 119
- Терапия – 115
- Жалпы хирургия – 98
- Неврология – 92
- Психиатрия – 88
- Оториноларингология – 83
- Кардиология – 78
- Офтальмология – 66
- Жұқпалы аурулар – 63
- Травматология-ортопедия – 62
- Эндокринология – 55
- Қалғандары – 1167, — делінген хабарламада.