Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 28 тамызға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 460,17 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,89 теңге.

25 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,89 теңгеге төмендеп, 460,84 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461–465 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 459,5–464 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71–4,94 аралығында саудаланып жатыр.