Дархан Қыдырәлі Зерендіде өткен республикалық жастар академиясына қатысты

Дархан Қыдырәлі Зерендіде өткен жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне арналған республикалық жастар академиясына қатысты. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ақмола облысының Зеренді ауданында “Жастар Академиясы” аясында өтіп жатқан “Әділетті Қазақстан — адал азамат” диалогтық алаңына қатысты.

Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген 100-ден астам жастар қызметкерлері үш күн ішінде түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты.