Министрдiң айтуынша, 24-25 наурыз күндері Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ақмола облысындағы қауіпсіздік шаралары тексерістен өткізілген. 29 наурызда Қарағанды облысының дайындығы тексеріледі.
«Ал әзірге ауа райы болжамына байланысты 6-7 сәуiрде Қостанай облысында, 8-9 сәуiрде Ақмола, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстарында су тасу қаупi жоғарылайды. Осы мерзiмге дейiн барлық күш әзiрленiп, қажеттi шаралар қабылданады»,- деп уәде бердi министр.