Президент сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысы сыртқы істер министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген жарлықта.

Сонымен қатар Назира Нұрбаева да сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұл ретте мемлекет басшысының өкімі бойынша, Алмас Айдаров сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.