Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 457–462 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458–462 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар бағамы 457,5–462 теңге аралығында құбылып тұр.

24 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,36 теңгеге өсіп, 461,73 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 462,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75–4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,77-4,87 теңгеден сатылып жатыр.