Алматыда электрон темекінің 55 мың данасы тәркіленді. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қалада электрон темекіні заңсыз көтерме бағамен сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды Тінту кезінде жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын вейптер табылды. Электрон темекінің 55 мың данасы тәркіленді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз, — дейді агенттік мамандары.