Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда мектептер...

Қазақстанда мектептер салуға 2,4 триллион теңге бөлінеді

Қазақстанда мектеп құрылысына 2,4 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы қыркүйекте мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігін айтып өтті.

Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған. Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланған. Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады. 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған, — делінген хабарламада.

Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.