Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

Магистратураға білім грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Толық тізімді мына жерден көруге болады.