Қоқиқаздар Кіші Талдыкөлге оралды

2019 жылдан бастап Астананың табиғи көрікті жерлерінің бірі жойыла бастады. Кіші Талдыкөл — түрлі аң, соның ішінде қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар мекендейтін жер көп қабатты үйлердің құрылысына берілді. Тұрғын үй кешендерінің құрылысынан экожүйелердің жойылу қаупі астаналық қоғам белсенділері мен экологтардың наразылығын тудырды. Тіпті Экология министрлігі астана үкіметінің жоспарларына қарсылығын білдірген.

Шенеуніктер көлдің аз бөлігін сақтауға, судың айналысында «экосаябақ» құрып, қала тұрғындарына қажет демалыс инфрақұрылымын салуға уәде еткен. Дегенмен бүгінде көлдің орнында далаң жер жатыр. Қала үкіметі экологтар мен  инистрлікке жалған уәделер беріп, көлді толықтай құрғатты. Алайда табиғатты алдау мүмкін емес, қоқиқаздар Талдыкөлдің орнында қалыптасқан далаң жерден ұшып кеткен.

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

2023 жылғы 20 тамызда олар қайта оралды. «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының мүшелері «Қоқиқаздар үйі» науқанын өткізген болатын. Жүздеген белсенді қызғылт құстардың бақша мүсіншілерімен Талдыкөлдің құрғатылған түбінде жүгіріп, көлдің алдындағы Сығанақ көшесінің бойында 100 мүсін орнатты. Осы символикалық көрсетілім «Қоқиқаздар үйі» деген баннермен безендірілді.

«Қоқиғаздар үйі» инсталляциясы ұзаққа созылмады. Полиция қызметкерлері барлық фигура мен баннерді дереу алып тастады. Орындалмаған уәделерді еске алуға қала билігі құлшыныс танытпайтыны белгілі.

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының мүшесі Бауыржан Амановтың айтуынша, бұл мәселені тоқтататын уақыт келді. Халықтың пікірін тыңдай білу керек. Құрғатылған Кіші Талдыкөл — бұл халық әлсіздігінің, сыбайлас жемқорлығының ескерткіші

Енді шенеуніктердің сөзіне сенбейміз. Біз енді өзімізді алдап, осылай «лақтырып кетуге» жол бермейміз. Өтірік айтып жүрген жемқорлар мен арсыз құрылысшылар, тыңдаңдар! Біз, қазақстандықтар, Астана тұрғындары, Жаңа адамдар белсенділері — үйіміздің қиралуына жол бермейміз. Сіздерге көлді қайтаруға кеңес береміз, бәріне дұрыс шешім осы, — деді Бауыржан Аманов.

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы