Түркістан облысында Сырдария өзеніне суға батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 23 тамызда сағат 10.40-та құтқарушылар суға батып кеткен тағы бір адамның мәйітін тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суға кеткен 10 адамның мәйітін тауып, судан шығарды. Бір адамды іздеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткенін, құтқарушылар тоғыз адамның мәйітін тапқанын хабарланған едік.
Табылғандардың екеуі — әйел, тоғызы — бала. Балалардың ең кішісі төрт жаста.