Басты бет / Жаңалықтар /
d6d921b84d4b1d1865b5b2914e672d7e Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған тоғыз шетелдік ұсталды

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған тоғыз шетелдік ұсталды

Батыс Қазақстан облысында шекарашылар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған тоғыз шетелдікті ұстады. 

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға 11 тамызда болған. Шетелдіктер өткізу бекеттеріне бармай, шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған. БҚО Бөрлі ауданы сотымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапқа тартылды.

ҰҚК мәліметінше, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram