Жастарға арналған кредит: үкімет 3 344 жобаны мақұлдады

Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкіметтің мәліметінше,10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтініш түсіп, 3 344 жоба мақұлданды.

2 577 жобаны іске асыруға 11,4 миллиард теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылып жатыр. Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар, — делінген хабарламада.