Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар депаратаменті хабарлады.
Құтқарушылар сағат 12.25-те 25 жастағы адамның денесін судан алып шықты. Әзірге суға батып кеткен 11 адамның тоғызының денесі табылды. Қазіргі кезде кәмелетке толмаған екі жасөспірім іздестіріліп жатыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның бесеуі балалар болса, алтауы – ересектер. Олар тыйым салынған жерде шомылған. Барлығы — бір әулеттің адамдары.