Қала әкімі сауданы стандарттау комиссиясының жұмысы аяқталғанша қалада жаңа дүкен ашуға рұқсат беруді тоқтата тұруды ұсынуда. Сонымен қатар, ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дүкен ашудың нақты талаптарын жасау бойынша арнайы комиссия құруды ұсынуда.
“Германияға барған қазақ кәсіпкеріне қазақ дәмханасын ашуға рұқсат беріпті де, қытай асханасына рұқсат бермепті. Өйткені ол ауданда қытай дәмханасы болған. Жергілікті билік осылай жоспарлы жұмыс істейді”, – деп мысал келтірді Бауыржан Байбек.
“Бізде дүңгіршектер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Статистика бойынша 900, ал шын мәнінде бірнеше есе көп. Олар есеп бермейді. Соның ішіндегі 500 дүңгіршекте ешқандай құжат та жоқ. Оларды не істеу керек? Біз заңды жұмыс істеп жатқандарға басымдық береміз. Астанадағы сияқты әдемі дүңгіршектер салу керек. Құжат бойынша бәрі дұрыс. Бірақ салқын зердемен ойласаңыз ақылға қонбайды. Жолдың ортасында тұрып алып кісі өтетіп жерлерді жауып тастаған. Алдымен тәртіп орнату керек”, – деді қала басшысы.
Әкімнің айтуынша, біріңғай стандарт дайындалғаннан кейін керек емес дүкендерді сүруді халық та қолдауы тиіс. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек орынсыз жерге салынған базарларды да сүріп тастау керектігін айтты.