Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Вьетнам президенттері керамика бұйымдарын шығаратын ауылға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао ауылына бірге барды.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.

photo
Фото: Аkorda.kz

Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді.

Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

photo
Фото: Аkorda.kz

Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Бірақ 1980-жылдары Ыстамбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.

2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.