Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 тамызға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 452,34 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,80 теңге.

21 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,21 теңгеге төмендеп, 452,40 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453–457 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 453,5–457 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77–4,98 аралығында саудаланып жатыр.