Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-парақшаларда пайда болды.

Жүк көлігі бірнеше көлікпен соқтығысты. Әл-Фараби даңғылы бойындағы ірі жол апаты салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды, оның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген видеоның сипаттамасында.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне бордюрлар тиелген. Оның тежегіші істен шығып, ол қарсы жолаққа шығып кеткен.

Алматы полиция қызметкерлері жол апатына қатысты пікір білдірді.

21 тамызда сағат 15.05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті, — делінген хабарламада.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.