2023 жылғы қыркүйектен бастап метродағы пойыздардың жүру аралықтары алты минутқа дейін қысқарады.
Ерболат Досаевтың айтуынша, мегаполисте қоғамдық көліктің сапасы мен жылдамдығына қойылатын талаптар өсіп жатыр.
Былтыр мамыр айында екі жаңа станция ашылғаннан кейін жолаушылар ағыны күн сайын 35 мыңнан 90 мыңға дейін 2,6 есеге өсті. Биыл қыркүйек айынан бастап үш жылжымалы состав қосылады, бұл қозғалыс аралығын алты минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, метроның мегаполисте сұранысқа ие болуы жерасты маршруттары желісінің ұлғаюымен жолаушылар ағынының өсуін дәлелдейді.
Қала басшысы 2025 жылы «Қалқаман» станциясының құрылысын аяқтау жоспарланғанын, батыс бағытта «Барлық» базарына дейін үш жаңа станцияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.