ІІМ: Бір аптада елімізде 2 879 қылмыс тіркелді

Бір аптада еліміз аумағында 2 879 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Бір апта ішінде 2 879 қылмыс жасалды, оның 1 779-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай бес кісі өлтіруді, бес өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 29 тонау, бір қарақшылық шабуылды және 398 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифиңде.