Мемлекет басшысының тапсырмасымен бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды.
Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады.
Үкіметтің мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 миллиард теңге сомасына жәрдемақы алды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 миллиард теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.