Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 21 тамызға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 461,71 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,95 теңге.

18 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,35 теңгеге төмендеп, 459,61 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453–457 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 452–457 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,79–5,01 аралығында саудаланып жатыр.