«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19-21 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулік бойы елімізде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ұрып, жаңбыр жауады, солтүстікте бұршақ аралас қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Ауа температурасына келетін болсақ, солтүстікте температура күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді, ал елдің қалған бөлігінде өзгерістер күтілмейді, — делінген хабарламада.