Kazakhstan Fashion Week – 17 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан ұлттық жоба. Оған отандық және шетелдік дизайнерлер қатыса алады.
Бірнеше жас талантқа мүмкіндік сыйлаған KFW осы уақыт аралығында өркендеп, дизайнерлердің де деңгейінің көтерілуіне ат салысып келеді. Шараның бір маусымына 3 мыңдай адам қатысады. Отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінен шамамен 120 адам аккредитация алады. Олар сән апталығының жаңалықтарын көпшілікке жеткізіп отырады.
KFW жылдан-жылға отандық өнімдердің шетелде танымалдылыққа ие болуына мүмкіндік жасап келеді. Жалпы бұл апталық дизайнерлердің, стилистердің, сән журналдарының авторларының, фотографтардың пікір алмасатын, тәжірибе бөлісетін алаңы. Биылғы маусымға Миланнан, Парижден, Ресей мен Грузия қалаларынан қатысушылар келеді деп күтілуде.
Бұл жолғы апталықтың тақырыбы – «бостандық, еркіндік» болмақ. Ойдың, сөздің, шығармашылықтың бостандығы… Сондай-ақ, шара барысында EXPO 2017 және Елбасының «Қазақстандық өнімді қолда» бағдарламасы аясында алдыңғы қатарлы дизайнерлердің өнімдеріне акция ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, шараға Франция және Италия елдерінен арнайы қонақтар келеді. Еуропалық атақты Showrooms – тың өкілдері, Миланда үздік киім топтамаларын ұсынатын WHITE көрмесінің өкілдері т.б. WHITE көрмесінің әр маусымына әлемнің түкпір-түкпірінен 21000 қатысушы келеді. Сондай-ақ, Showroom Point –тың иесі (Милан, Италия) Марияпия Бернардис өз тәжірибесімен бөлісіп, брендті қалай қалыптастыру керек, дамыту керек деген сұрақтарға жауап береді.
Уақыты: 11, 12, 13 сәуір 2017 жыл
Өтетін орны: Бейбітшілік және Келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52.