Қазақстандықтар көлік нөмірлерін онлайн бере алады

2024 жылғы шілдеден бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алады.

Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты.

2024 жылғы шілдеден бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимде бере алады. Бұрын көлік сатып алғанда – тіпті онлайн транзакция жасағанда – жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді оған мұқтаждық жоқ. Сонымен қатар сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алдық. Сонымен бірге меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді, — деді министр.

Министрліктің мәліметінше, автокөлікті бастапқы тіркеу кезінде тапсыруға тиісті құжаттарының саны азайды, кейбір жағдайларда арнайы ХҚО-ға бару қажеті жойылады.