Доллар бағамы 463 теңгеге дейін көтерілді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457–463 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457-462 теңгеден, Ресей рублі 4,75–4,9 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 458,5–463,5 теңге, көрші ел валютасы 4,83–5,07 теңге аралығында құбылып тұр.

KASE-де 16 тамызда кешке өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 5,81 теңгеге өсіп, 455,29 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы: 1 доллар – 454,30 теңге, рубль – 4,70 теңге.