Құжатта «Әлем әдебиеті» пәнінен Федор Достоевский мен Лев Толстойдың шығармаларын алып тастап, орнына Роальд Дальдің «Чарли и шоколадная фабрика», Рэй Бредберидің «451 градус по Фаренгейту», Харпер Лидің «Убить пересмешника» сияқты замануи туындыларын енгізу қарастырылған. Алайда, Антон Чехов, Михаил Булгаков пен Николай Гогольды қалдырыпты.
Бұл өзгертулерге бірқатар украиналық ұстаздар қарсы шығып жатыр.
«Вести» газетінің жазуынша,өзгерістер «Украина тарихы» пәніне де енгізілуі мүмкін. Онда кітаптардағы «20 ғасырдың басында Ресей құрамында болған Украина» бөліміне «ксенофобия мен шовинизмнің пайда болуы» деген тақырыпша қосу туралы айтылады.
Айта кетейік, аталған өзгерістер осы жылдың мамыр айында заңды күшіне енеді.