«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.
16-18 тамызда Қазақстанның көп бөлігінде біртіндеп ауа температурасы жоғарылайды.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталдық бөліктер өтетін кезде Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады: күн күркіреп, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Елдің тек солтүстік, орталық және оңтүстігінде ғана жауын-шашын түспейді. Республиканың көп бөлігінде термометр бағаны біртіндеп көтеріле береді.