Ұлттық банк доллар мен рубльдің 16 тамызға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 449,17 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,58 теңге.
15 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге қымбаттап, 449,48 теңге болған.
\Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449–453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 451,5–454,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,54–4,79 аралығында саудаланып жатыр.