Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында президент Аустриямен және Венадағы салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажетін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.