Кларис Францияның Реньон аралында тұрады екен.

«Бүгін маған сіз және сіздің талантыңыз жайлы ойыммен бөлісудің мүмкндігі туып отыр. сіз өз өнеріңізбен соғысты тоқтата аласыз деген бір адамның пікірін оқыдым. Осымен-ақ барлық жақсы сөздер, әдемі әсер айтылған секілді. Шындығын айтқанда, мен өлең айту барысында  мұндай сұлулық, мұндай эмоция, мұндай махаббат болғанын ешқашан естімеппін, көрмеппін. Бұл керемет! Бұлай мүмкін бе? Сізге үлкен рахмет. Шексіз талантыңызды бізбен бөліскеніңізге рахмет»,- дейді Кларис.

Сонымен қатар, ол Димаштың бір апта ішінде өзге тілдердегі өлеңді меңгеріп алатынына таңданысын жеткізген.

«Енді сіздің тіліңіздегі әнді меңгеру кезегі бізге келді. Менің Дайдидауды айтқан себебім, бұл әннің сіздің жүрегіңізге жақын екенін білемін»,- дейді француз қызы.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!