Басты бетЖаңалықтарЖеке тұлғалардың...

Жеке тұлғалардың банктегі салымы рекордтық 18 триллион теңгеге жетті

2023 жылғы шілдеде Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың салымы 18 триллион теңгеге жетті. Бұл жыл басымен салыстырғанда 1,1 триллион теңгеге (немесе 6,4%-ке) артық.

Салымшылардың саны жағынан Kaspi.kz көш басында тұр. Бұл банктегі салым көлемі 541,7 миллиард теңгеге өсті.

Ranking.kz. сарапшыларының мәліметінше, бұл өсім Қазақстандағы басқа банктердің нәтижесінен бірнеше есе артық.

Биылғы маусым айының соңына қарай жеке тұлғалардың банктегі салымдар портфелі 4,2 триллион теңгеге жетті. Екінші орында Еуразиялық Банк тұр. Бұл банктегі жеке тұлғалардың салымы 155,5 миллиард теңгеге өскен. Салымдардың жалпы сомасы – 1 триллион теңге. Үшінші орында – Банк Фридом Финанс банкі. Өсім 134,4 миллиард теңге болды, жеке тұлғалардың банктегі салымдарының портфелі 443,7 миллиард теңгеге жетті.

Екінші деңгейлі банктердегі салымдар көлемінің өсуі клиенттер өз қаржысын депозиттерде сақтап, көбейтуге көбірек сенім артады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк бар.

Салымдардың 80%-тен астамы Қазақстанның үздік 5 банкінда сақталған. Бұл – Halyk bank, Kaspi.kz, Отбасы Банкі, Центр Кредит Банкі және Еуразиялық банк.

Бір жыл ішінде жеке тұлғалар салымдарының сомасы 4,3 триллион теңгеге (немесе 31,3%-ға) өсті. Жалпы бес жылдық кезеңде бұл сома екі еседен астам, ал 10 жыл ішінде бкс есеге жуық өсті.