Дінтанушылар Жайық өңірінде семинар-тренингтер өткізді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша әр түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арнайы жобасы аясында 2023 жылдың 7-11 тамыз аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелері Батыс Қазақстан облысында болып, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырды.

РАТТ-ның құрамында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті «Әбу-Ханифа зерттеу орталығы» директор орынбасары Шәкизада Сырым Бауыржанұлы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, аға оқытушысы Абылов Тұңғыш Талғатұлы, Ақтөбе облысы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» КММ басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Қаратай Азат Айболатұлы болды.

Жоспарға сәйкес, РАТТ мүшелері 2023 жылдың 7 тамызында «Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстарындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары» тақырып аясында тәжірибе алмасу мақсатында БҚО дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен кездесті.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының қызметкерлерімен, «RUH-team» оқырмандар клубының жастарымен, Орал қаласындағы интернат тәрбиешілері мен Орал станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

8 тамыз күні ҚАЖД-ға қарасты №27 және №74 түзету мекемелеріндегі жазасын өтеуші діндар азаматтармен жалпы және жеке кездесулер жүргізіліп, «Қазақ жеріне исламның келу тарихы», «Дін және ғылым байланысы» тақырыбы төңірегінде дәріс оқылды.

Достық үйінде аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшылары, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен мамандары және теологтардың, имамдардың қатысуымен «Дін саласы мамандарының заманға сәйкес дағдылары» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.

9 тамыз күні облыстық журналистер пулына, дінтану пәні мұғалімдеріне, қаржылық мониторинг органдарының мамандарына барлығы 3 оқыту семинары өтті. Семинар барысында қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, діни-құқықтық сауаттарын арттырды.

Ал 10-11 тамыз күндері РАТТ мүшелері Ақжайық және Теректі ауданында жастармен, мемлекеттік, азаматтық, емхана, полиция қызметкерлерімен және мешіт жамағатымен «Жат ағымдардың ортақ сипаты», «Мемлекет және дін», «Дін және ғылым байланысы» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер мен семинарлар өткізілді.