Данат Мұсаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.