Жетісу облысындағы су басқан жердегі жағдай тұрақталды

Жалпы 3 456 текше метр су сорылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ. Жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елді мекендерінің аула аумақтарынан су бұрылды, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар тұрғындарға аула аумақтарын қоқыс пен балшықтан тазартуға көмек көрсетіліп жатыр.

Эвакуациялау пунктінде 16 адам, оның ішінде жеті бала қалады.