Айжан Есмағамбетова: Ashyq қолданбасы қайта іске қосылуы мүмкін

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова Ashyq қолданбасының жұмысы туралы айтты.

Бір жарым жыл ішінде барлық шектеулер алынып тасталды. Сондықтан Ashyq бағдарламасы қолданылып жатқан жоқ, — деді Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, климаттың өзгеруі және басқа да факторлар жаңа ауру қоздырғыштарының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Әлемде немесе елімізде індеттің таралу қаупі болса, Ashyq сияқты бағдарламаны қайтадан іске қосу мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал.

Еске салайық, жақында Үндістанда коронавирустың жаңа түрі — Eris анықталды.

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова «Коронавирустың жаңа штамына қатысты карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.