Студенттердің қолынан шыққан шамдар электр энергиясын 5 есеге дейін үнемдейді. Сонымен қатар, оларға бес жылға дейін кепілдік беріледі.
Студенттер бұл іспен дуалды оқу жүйесінің аясында айналысып жүр. Білім ордасында теорияны оқып, Кентау трансформатор зауытында тәжірибелік сабақтан өтеді. Бір ерекшелігі, тәжірибе сабақтарынан өтетін студенттерге жалақы төленеді. Олардың ұстазы — Сергей Соловьев.
«Біз арнайы сабақ кестесін бекітіп қойғанбыз. Сол бойынша тәжірибеден студенттеріміз өтіп жатыр. Жалақылары 30-35 мың теңге көлемінде. Әрине, көп ақша болмағанымен, еңбекке баулиды ғой бастысы», — деді ұстаздары.