Қасым-Жомарт Тоқаев екібастұздық көп балалы ананың өтінішіне жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде көп балалы ана Аяна Смағұлова өтініш білдірген еді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Қала тұрғындары атынан әйел қалада балаларға арналған шығармашылық үйін салуды сұрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамытуға арналған бұл әлеуметтік нысанды салу туралы шешім қабылданды. Қаржы көздері табылды. Шығармашылық үйі демеушілер есебінен салынады, — деді Руслан Желдібай Facebook-парақшасында.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алу тапсырылды.

Еске салайық, 9 тамыз күні мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барған еді.