Алматы мен Астананың ақша айырбастау пунктерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,57-4,77 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал, Астанада 4,56-4,66 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,57-4,62 аралығында.
Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 рубль — 4,59 теңге.
Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы әлі күнге дейін тұрақсыз болып тұр.